Сабақ: Біз Құдаймен қарым-қатынасқа қалай ие болдық?
Мінажатпен бастаңыз: "Уа, Құдайым, Өз Сөзің - Киелі кітап арқылы менің жүрегіме сөйлей көрші. Маған не айтқың келетін түсінуіме көмектесші. Аумин".
Төменде келтірілген дәйексөздер бізге Құдаймен қарым-қатынасымыз жайында түсінуге көмектеседі,
(Әрбір дәйексөздің маңдайшасында тұрған кішкентай сандар сөйлемдердің немесе Киелі кітаптың аяттарының «нөмірі». Көптеген жылдар бұрын Киелі кітапты аяттарға бөліп, қандай-да бір сөйлемдерді не сілтемелерді іздеуге қолайлы болу үшін аяттарды нөмірлеген болатын. Келтірілген әрбір сілтемелерден кейін, аяттың мағынасы жайында ойлануға көмектесетін сұрақтар легі беріледі).
Жохан жазған Ізгі хабар 1-тарау
12 Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті.
B. – Адам қалайша Құдайдың рухани баласы бола алады?
Адамдар көлік сатып алуды немесе дауыс беруге тұрарлық саяси партияны таңдап алатыны сияқты, Құдайды таңдап алған сіз өзіңіз деп ойлауыңыз мүмкін. Ал келесі аяттар сіздің мәсіхші болуыңыздағы Құдайдың атқарған рөлін көрсетеді.
Жохан жазған Ізгі хабар 15-тарау
16 Сендер Мені таңдап алған жоқсыңдар, қайта, Мен сендерді таңдап алдым…
Қорынттықтарға 1-хат 1-тарау
9 Құдай уәделеріне берік, Ол сендерді Өзінің рухани Ұлы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болуға шақырған.
Ефестіктерге хат 1-тарау
4 Құдай бізді Өзінің алдында қасиетті де мінсіз халқы болып жүрсін деп, әлемді жаратпастан бұрын Мәсіхтің құрбандығына бола сүйіспеншілікпен таңдаған еді. 5 Ол бізді Иса Мәсіхтің арқасында рухани балалары етуге алдын ала белгілеп қойды; Оның ізгі еркі осы болған…
B. – Төртінші аятқа сәйкес, неліктен Құдай бізді таңдап алуды шешті?
Ефестіктерге хат 2-тарау
4 Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті: 5 Оның айтқанына көнбей, рухани өлі болған бізді Құдай Мәсіхпен бірге тірілтіп алды. Осылайша тек Оның рақымымен ғана құтқарылдыңдар.
Қолостықтарға хат 1-тарау
13 Құдай бізді қара түнектің билігінен құтқарып, сүйікті рухани Ұлы Иса Мәсіхтің Патшалығына енгізді. 14 Оның құрбандық өлімі арқылы күнәларымыздың құны өтеліп, кешірімге ие болдық.
B. – Осы аяттарды оқып, Құдайдың біз үшін істеген төрт нәрсесін табыңыз.
Римдіктерге хат 5-тарау
9 Енді біз Мәсіхтің қаны төгіліп құрбан болғандығы арқылы ақталған соң, Оның арқасында Құдайдың қаһарынан мәңгілік құтқарылатынымыз да сөзсіз!
B. – Соңғы аятқа сәйкес, біз неден құтқарылдық?
Ефестіктерге хат 2-тарау
8 Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый. 9 Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын.
B. – Біз құтқарылуға өз еңбегімізбен қол жеткізе аламыз ба?
B. – Игі істер жасау арқылы құтқарылуға қол жеткізу мүмкін бе?
Қорытынды: Біздің құқарылуымызға байланысты Құдайдың атқаратын рөлі туралы осы аяттарда не айтылғанын түйіндеңіз:
Енді сіз сабақты параққа басып шығара аласыз.
Сіз осы парақшадан шығып кеткенде, сіздің жауаптарыңыз сақталмайды.