Сенім – сезім емес
Құдайға сенім артуды үйрену…
Мен стақанға мұздай лимонад құйып алып, қарындашымды ұштап, қолыма Киелі кітабымды алып, бар ынтамен үй жұмысын орындауға кірістім. Осыдан біраз бұрын, жазғы Киелі кітап курсының мұғалімі бізге сабаққа Римдіктерге арналған хаттың сенім жайында не үйрететіні туралы баяндама жасауды тапсырған болатын. Баста маған тапсырма оңай болып көрінді, әрі оны жылдам орнындайтыныма сенімді болдым.
Бірақ мені тосынсый күтіп тұрды. Көп кешікпей мен «сенім» деген сөздің Римдіктерге арналған хатта жиі ескерілетіні сонша, олардың әрқайсысын зерттеу мен ойлағаннан да көбірек уақыт алатынын байқадым.
Сенімнің анықтамасы
Сенім жайында айтылған барлық үзінділерді оқып отырып, мен өзіме мынадай сұрақ қойдым: «Сенім – менің өмірімдегі ең маңызды жайт болар, бірақ оған қандай сипаттама бере аламын? Сенім дегеніміз не?»
Менің ойларым бірден жеті жыл бұрын Кемпус Крусейд фор Крайст атты мәсіхшілік мекемесіне жұмысқа орналасқан уақытқа тұйықталды. Ол кездері мен сеніммен өмір сүрудің не екенін жете түсінбейтінмін. «Содан бері көп нәрсені түсінетін болдым ғой», - деп ойладым. Тіпті менің сенім жайындағы барлық танымыма қарамастан, мен оған әлі де анықтама бере алмайтынымды мойындауыма тура келді.
Мен Киелі кітапта сенім жайында жүздеген сілтемелер бар екенін білдім, мысалыға: «Сенімі арқылы ақталған адам шынайы өмір сүреді» (Римдіктерге хат 1:17), және «Осы дүниені жеңген күш — біздің сеніміміз» (Жоханның 1-хаты 5:4). Бірақ мен өзімнің осы сөзге жалпақ тілмен құрастырылған жеке анықтама бере алмайтыныма таңқалдым. Мен мына сөйлемді ешқашан аяқтауға тырысқан емеспін: «Мен үшін сенім дегеніміз – бұл __________».
Мен былай деп мінажат еттім: «Жаратқан Ием, Сен Өзің сенімге қандай анықтама берер едің?».
Есіме бірден Исаның біреу жайлы айтқан әңгімесі сап ете түсті: «Маған осындай сенім артқан кісі Исраил халқынан ешқашан кездескен емес!». «Осындай» (яғни, ұлы) сенім деп Иса нені бағалады?
Мен жылдам Лұқа жазған ізгі хабардың 7-тарауындағы өлім аузында жатқан өзінің адал да жанқияр қызметшісін сауықтыруға Исаның күші жететініне сенуге шешім қабылдаған жүзбасы жайындағы үзіндіге қарадым. Жүзбасы Исаға былай деді: «Тек бір сөз айтсаңыз болды, қызметшім сауығып кетеді» (Лұқа жазған Ізгі хабар 7:7). Содан кейін жүзбасы өз өмірінен біреуге бір айтқан сөзіне сеніп, бойұсынудың не екені жайындағы жеке түсінігін көрсететін мысалды қолданды.
Осыған жауап ретінде, Иса артынан еріп келе жатқан қалың тобырға бұрылып былай деді: «Сендерге шын айтамын: Маған осындай сенім артқан кісі Исраил халқынан ешқашан кездескен емес!» — деді (Лұқа жазған Ізгі хабар 7:9). Бұл мынадай әсер туғызады: Сенімнің ең үлкен көрінісі – бұл жай ғана Оның сөзіне сену.
Осындай анықтама Киелі Жазбаның басқадай үзінділерімен құпталады ма? Еврейлерге хаттың 11-тарауы сенім қаһармандары даңқының галереясы ретінде танымал болғандықтан, мен соған жүгіндім.
Құдайдың айтқан сөзіне сену
Тарауды көп қайтара оқығаннан және «сеніммен» деген сөзді сансыз көп қайталай бергеннен кейін, мен осы тарауда айтылған барлық қаһармандарды бір нәрсе біріктіріп тұрғанын түсіне бастадым: жазбаның авторы кім жайында сөз қозғамасын, Киелі кітаптың әрбір кейіпкері жай ғана Құдайдың бір сөзіне сенуге және Оның нұсқауларына бойсұнуға шешім қабылдаған. Және олардың әрқайсысының есімі тарихқа осындай сенімдерінің арқасында енген.
Мылалы, Құдай Нұхқа кеме салуды бұйырды. Осыған дейін сол жерде жаңбырдың бір ретте болмағанына қарамастан, Нұх Құдайдың сөзіне сеніп оның бұйрығын орындады (Еврейлерге хат 11:7).
Құдай Ыбырайымға бір күндері өзі мұралыққа алатын алыс елге қоныс аудар деп айтты. Ыбырайым Құдайдың сөзіне сеніп, үйреншікті тұрмыс салтын қалдырып, жолға шықты (Еврейлерге хат 11:8).
Бала сүюге жасы ұлғайған Сараға, Құдай бала көтеретіні жайында ашып береді. Киелі Жазба Сараның «уәде берген Тәңір Иенің сөзінде тұратынын» білгенін айтады (Еврейлерге хат 11:11). Ол да Құдайдың айтқан сөзіне сенді.
Қандай жағдай болмасын, қисын мен дұрыс мағынаның дәлелдеріне қарамастан, бастан кешкен сезімдерге қарамастан, Еврейлерге арналған хаттың 11-тарауындағы сенім қаһармандарының әр қайсысы Құдайдың айтқан сөзіне сеніп, Оған мойынсұнуды таңдаған.
Мен ойланып қалдым: «Егер Лұқа жазған Ізгі хабардың 7-тарауы мен Еврейлерге арналған хаттың 11-тарауы ұлы сенімнің үлгісін көрсететін болса, сенімнің жоқтығын бейнелейтін үзінділер бар ма екен?»
Содан соң мен Марқа жазған Ізгі хабардың 4-тарауындағы Исаның жаңа ғана Ғалилея теңізінің жағасында тәлім берумен қызу күнін аяқтағаны жайлы оқиға есіме түсті, Ол шәкірттеріне теңіздің арғы бетіне жүзіп өтуді бұйырды. Басында шәкірттер Исаның айтқан сөзіне сенім артты, Онымен бірге қайыққа отырып қарама-қарсы жағаға жол тартты. Алайда, сұрапыл дауыл тұрғанда, олар қорқынышқа бой беріп, жағаға шыға алатындықтарына күмәнданды. Иса олардан былай деп сұрағанда: «Қалайша сендердің сенімдерің жоқ?» (Марқа жазған Ізгі хабар 4:40), Иса былай деп те айтқан болар еді: «Неге сендер Менің айтқан сөзіме сенбейсіңдер?»
Мен Марқа жазған Ізгі хабардың 5-тарауының бірінші аятын әрдайым жақсы көретінмін: «Теңіздің арғы бетіне жүзіп келді». Исаның сөздері шындық болып шықты.
Осы үш үзіндіні зерттеудің арқасында, мен сенімнің қарапайым да түсінікті анықтамасына тоқталдым: «Сенім – бұл Құдайдың сөзіне илану (сенім арту)». Мен Римдіктерге арналған хаттың «сенім» жайында айтылған барлық сілтемелеріне толық баяндама жаза алатыныма әлі сенімді болмадым, бірақ сол күні мен кейінірек менің Құдай жолымен жүруіме өте маңызды болатын бір жайтты ұғындым.
Құдай Өзінің сөзі жайында не айтады?
Менің көкейімде тағы бір сауал қалған болатын. Егер сенім Құдай сөзіне сенім артуға келіп соқса, онда Құдай Өз сөзі жайында не айтады? Ал осы сауалыма жауапты мен Жазбаның өзінен таптым:
«Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды» (Матай жазған Ізгі хабар 24:35).
«ал Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады» (Ишая 40:8).
«Шөп сарғайып қурап, гүл солады, Ал Жаратқанның сөзі мәңгі қалады!» (Петірдің 1-хаты 1:24-25).
Бұл аяттар маған өмірде барлық нәрсенің өзгеруі мүмкін, алайда Құдайдың Сөзі еш өзгеріссіз қалатыны жайында айтып тұрды. Оның ақиқаты еш өзгермейді. Мен Құдайдың уәделеріне деген сенімнің қалайша менің өмір бойына әсер ететінін көре бастадым.
Мылалы, мен терең де долы сезімдердің кернеуіне бейіммін. Кейде менің бақытты болатыным соншалық, енді ешқашан көңілсіз болмаймын деген сезім кернеуі мүмкін. Ал басқа кездері, мені қайғы басатыны соншалық, енді ешқашан өміріме қуаныш келмейтіндей ойлаймын. Мен тіптен ештеңе сезбейтін сәттер де болады.
Алайда, менің сезімдерім қаншалықты күшті де құбылмалы болмасын, Құдай сөзі:
- Менің кез-келген сезімдерімнен көрі шынайырақ
- Менің кез-келген өмірлік тәжірибемнен көрі шынайырақ
- Мен кезігетін кез-келген жағдайлардан да шынайырақ
- Бұл өмірдегі бардың барлығынан да шынайырақ
Неліктен? Өйткені аспан мен жер өз тіршілігін тоқтатады, ал Құдай Сөзі – ешқашан тоқтатпас! Осылайша, менің не сезініп, нені басымнан өткермесем де, мен Құдай сөзіне өз өмірім үшін өзгермейтін шынайылық ретінде сенім артуға таңдау жасай аламын.
Өткенге көз жүгіртіп, мен сол жазғы кешке және сол үй тапсырмасына өмірімдегі бетбұрыс сәті ретінде қараймын. Содан бері сансыз көп рет мен жағдайлар мен сезімдердің маған өмірдің өзінен шынайы болып көрінген кезде, мен Құдай Сөзі осылардың бәрінен шынайырақ екеніне сенуге шешім қабылдайтынмын. Мен сеніммен әрекет етуге шешім қабылдадым.
Кей кездері осындай таңдау жасау қиынға соғатын.
Ал сезімдеріммен не істеуім керек?
Сол ерекше мәні бар жаздың кешінен кейін, Құдайдың сүйіспеншілігін сезінбеген сәттерім болды. Мен өз сезімдерімнің жетегінде кетіп, оларға мені өзіме деген аянышқа әкелуіне жол беретінмін, немесе былай дейтінмін: «Тәңір Ием, Сенің мені сүйетініңді сезіп тұрғаным жоқ. Мен шын мәнінде қазір өзімді солай сезініп тұрмын. Ал Сенің Сөзің мені сүйетіндігіңді растайды. Сен тіпті мені мәңгілік сүйіспеншілікпен сүйдім деп айттың (Еремия 31:3). Сен мені сүюді ешқашан тоқтатпайсың. Бәрі сарқылса да, Сенің маған деген сүйіспеншілігің нық тұрады (Қорынттықтарға 1-хат 13-тарау). Сөзің Сенің ешкімнің бет-жүзіне қарамайтыныңды айтады. Бұның мағынасы - осы өмірде Сен ешкімді менен артық сүймейсің дегенді білдіреді. Сондықтан да, Тәңірім, мені сүйетінің үшін Саған ризашылығымды білдіремін (Елшілердің істері 10:34). Сенің сөзің менің не сезетінімнен де шанайырақ».
Менің өз сезімдеріме деген осындай реакциям мені азат ететінінін, бір жағынан Құдай алдында соларды шынайы мойындауға, ал екінші тіпті менің сезімдерім Оның уәделеріне қарама-қайшы келсе де, Құдай сөзіне сенуге түрткі болатынын түсіне бастадым.
Ал басқа кездері мен қорқыныш, жалғыздық немесе күйзеліс сезімдерін бастан өткеретінмін. Менің жүрегім сөзбе-сөз айтқанда өмірдегі жағдайлардан қарс айырылатын еді, тап сондай кездерді Құдай сөзіне күмән келтіру азғыруының күші басым болатын. Алайда, мен Құдайдың сөзіне сенемін деген ерікті шешім қабылдайтынмын. Талай рет менің Құдайға мінажатым: «Тәңірім, … бойымды мынадай сезім кернеп тұр» деген сөздерден басталып, «… бірақ, Тәңірім, Сенің Сөзің былай дейді …» деп аяқталатын.
Ал Құдайдың менің сезімдерімді Өз уақытында, Өз жолымен, Өз Сөзіне үйлесімге келтіретініне қайта-қайта көзім жететін.
Біз эмоциялы тіршілік иесі ретінде жаратылғанбыз
Мен өзімді бойымды кернеген сезімдеріме бола айыптауға азғырылғанда, маған Құдайдың бізді Өзіне рухани жағынан ұқсас етіп жаратқандығын еске алу және Оның бейнесінің бір бөлігі бізде екендігі, яғни біздің эмоцияларды бастан өткере алатындығымыз көмектесетін. Сезімдер міндетті түрде жаман бола бермейді. Тіпті Мәсіхтің Өзінде сезімдер болды. Ол «ештеңе сезбеуге» тырысқан жоқ. Ол Өз эмоцияларын жасырған жоқ, керісінше, Ол бойын кернеген сезімдермен Құдай Әкесінің алдына келетін. Иса адал болды, шынайы, риясыз болды. Айқышқа керілер алдындағы түні Гетсимани бағында, Киелі Жазбаның сөздері бойынша, Иса «өлердей қайғы-қасірет шекті», «зарықты», «жаны түршікті», және «іштей арпалыста болды» (Матай жазған Ізгі хабар 26:36-38, Марқа жазған Ізгі хабар 14:33, Лұқа жазған Ізгі хабар 22:44). Иса Өз сезімдерін Әкенің алдында ашық жайып салды, басынан өткеріп жатқан қыруар күйзелістер кезінде Оған сенім артты.
Дәл сол сияқты, біз де бойымызды кернеген сезімдерімізге байланысты Құдай алдында барынша ашық болуда, Оған өзіміздің аһуал-күйімізді, өмірімізде болып жатқан жайттарды шынайы мойындауда шексіз бостандыққа иеміз байланысты.
Біздің жауабымыз қандай болуы керек?
Киелі кітап Құдайды сүйетін адамдардың өміріндегі болатын барлық жайт, біздің Мәсіхтің рухани бейнесіне ұқсай түсуімізге түрткі болатындығына уәде береді (Римдіктерге хат 8:28-29).
Біздің кейбіреулеріміз мына іспетті мінажат еткен болармыз: «Тәңірім, мені барынша Өзіңе ұқсатшы. Өтінемін Сенен, мені Мәсіхке ұқсатшы». Ал шын мәнісінде, біз Құдайдың жүрегімізде өзімізді Иса Мәсіхтің пәк мінез-құлқына ұқсату операциясын жасау барысында, Оның бізге анестезия салғанын қалаймыз. Яғни, біз өзгеру барысы аяқталған кезде оянғымыз келеді! Біз нәтижені аңсаймыз, бірақ соған жету жолындағы жанға бататын ауыр үдерісті қаламаймыз.
Алайда, Құдай ешқашан сондай жолмен әрекет етпейді. Құдайға біздің не нәрседен өтуімізге тура келетіндігі маңызды, мен біздің осындай қиыншылықтарға деген реакциямыз Оны көбірек қызықтыратынына сенемін. Оған осы қиыншылықтардан өткендегі біздің көрсететін маңыздырақ. Бұл реакция – біздің еркіміздің саналы түрдегі таңдауы. Ол біздің өмірімізге сынақтар, азғырулар мен қысымшылық жағдайлардың келуіне жол беріп, алдымызға таңдау қояды - біздің реакциямыз өз сезімдеріміз бен өмірлік тәжірибемізге сенім арту ма, әлде Оның сөзіне сенім арту ма?
Мен қайта-қайта Құдайдың айтқан сөзіне сенуді үйрендім, және бұл маған әдетке айналып кетті! Біз өзімізді сезімдерімізге, ойларымызға және жағдайларға сенуді үйретіп, олардың бізді басқаруына жол беруіміз мүмкін, не біз өз сезімдеріміз бен өмірлік тәжірибемізге қарамастан Құдайдың айтқан сөзіне сенуді әдетке айналдыра аламыз. Біз Оның Сөзінің өз сезімдерімізден шынайырақ екендігіне жөнінде ерікті шешім қабылдауымыз қажет.
Мен өз өмірімді толықтай Құдайдың Сөзіне тәуелді болуға бағыштадым, ал осы бағышталуыма Құдай ізет білдірді. Дегенмен, мен өз бағышталуымды оп-оңай бұза салатын кездерім болды, өйткені мен өз күйзелістерім мен жағдайлардан да шынайы бір нәрсенің бар екеніне сене алмадым, ол кездері менің сезімдерім Құдай Сөзінің тәліміне мүлдем қарама-қайшы нәрселер жайында айқай салып тұратын, бірақ Құдайдың Өз Сөзіне берік екендігіне қайта-қайта көзім жетумен болды.
Нэй Бэйли – «Сенім – сезім емес» кітабының авторы.