Бұл қарым-қатынас қанша уақытқа созылар екен?
Біздің Құдаймен қарым-қатынасымыздың тұрақтылығына қалай сенімді болуға болады?
Біздің өмірімізде ұзаққа созылмаған қысқа мерзімді қарым-қатынастар жетеді. Біз ажырасудың куәсі болуымыз, досымызды жоғалтып, не тіпті сүйікті адамымыздан айырылып қалуды бастан кешуіміз мүмкін. Бәлкім сіздің көкейіңізде өзіңіздің Құдаймен жаңа қарым-қатынасыңыз жайында «бұл қарым-қатынас қанша уақытқа созылар екен?» деген сұрақ туындап жатқан болар.
Сіз Мәсіхті мынадай ниетпен өз өміріңізге шақырдыңыз делік: «Жақсы! Әрине мен жұмаққа барғым келеді. Жарайды, Мәсіхті өміріме шақыра салайын», ал сізде Құдайды жақыннан танып-білуге, рухани өсуге деген ниетіңіз жоқ, дегенмен, өмірлік маңызы бар шешімдерді қабылдауда Құдайдың араласқанын қаламайсыз… Олай болса, сіздің Мәсіхпен шынайы қарым-қатынасыңыз әлі басталмаған. Иса біздің күнәларымыз үшін жанын құрбан етті, ал біз болсақ Оның кешірімін тегін аламыз, ал Оған бізді кешіру көп құнды талап етті. Мәсіхке жүрегінен орын берген адам, Мәсіх оның барлық күнәларын айқышта алып кеткеніне ризашылығы ретінде Құдаймен қарым-қатынасын дамытуға шын ниет білдіруі тиіс.
Сіз шын ниетпен Иса Мәсіхті жақыннан тану және Оған өз өміріңізді басқару билігін беру деген қалаумен өміріңізге кіруді сұрадыңыз делік. Мұндай жағдайда сіздің Құдаймен қарым-қатынасыңыздың ешқашан бұзылмайтынына сенетіндей сізде барлық негіздер бар. Құдай бізге былай дейді: «Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын» (Еврейлерге хат 13:5). Біз сенімімізді Мәсіхке артып, Оны өз өмірімізге шақырғанда, біз Оның рухани балаларына айналып, мәңгілікке Оның сүйіспеншілігінен жанымызға тыныштық табамыз. Киелі кітаптың келесі үзінділері сіздің Құдаймен орнатқан жаңа қарым-қатынастарыңыздың арқасында недей нәрселерге ие болғаныңызды көруге көмектеседі.
Біз мәсіхші болғанға дейін…
Төменде келтірілген мәлімдемелер сіз үшін бір жаңалық болуы мүмкін. Дегенмен, біздің Мәсіхке тәубеге келгенге дейінгі күйімізді Киелі кітап осылай сипаттайды:
- Құдайдың дұшпаны (Римдіктерге хат 5:10)
- шарасыздар (Римдіктерге хат 5:6)
- зұлым пиғылды (Римдіктерге хат 5:6)
- күнәкарлар (Римдіктерге хат 5:8)
- тура жолдан адасып кеткен (Матай жазған Ізгі хабар 18:11)
- сорлы бейшара, рухани жарлы (Аян 3:17)
- рухани соқыр (Қорынттықтарға 2-хат 4:4)
- Құдайдың қаһарына ұшыраған (Жохан жазған Ізгі хабар 3:36)
- өз күнәларымыздың салдарынан рухани өлі (Eфестіктерге хат 2:1)
- түйсіксіз, құмарлықтар мен ләззаттың құлы (Титке хат 3:3)
- зұлымдар (Қолостықтарға хат 1:21)
- Құдайдан алшақ (Eфестіктерге хат 2:13)
- үмітсіздер (Eфестіктерге хат 2:12)
- түнекте өмір сүретіндер (Жохан жазған Ізгі хабар 8:12)
Біз мәсіхші болған кезде…
Мәсіхті өмірімізге қабылдаған сәттен бастап, біз Құдаймен жаңа қарым-қатынастарға және жаңа өмірге ие болдық. Киелі кітап біздің Мәсіхтегі өмірімізді міне былай сипаттайды. Енді біз:
- Құдаймен татумыз (Римдіктерге хат 5:1)
- Құдайдың рухани балаларымыз (Жохан жазған Ізгі хабар 1:12)
- толықтай кешірілгенбіз (Қолостықтарға хат 1:14)
- Құдайға жақындадық (Eфестіктерге хат 2:13)
- Киелі Рухпен мөрленгенбіз (Eфестіктерге хат 1:13)
- енді түнекте өмір сүрмейміз (Eфестіктерге хат 5:8)
- Оның Патшалығының азаматтарымыз (Қолостықтарға хат 1:13,14)
- Құдай сүйген (Жоханның 1-хаты 4:9,10; Жохан жазған Ізгі хабар 15:9)
- мәңгілік өмірге иеміз (Жохан жазған Ізгі хабар 3:16)
- Құдайдың сүйіспеншілігінде қауіпсіздіктеміз (Римдіктерге хат 8:38,39)
- рақыммен құтқарылғанбыз (Eфестіктерге хат 2:8,9)
- жүрегімізден Мәсіх орын алған (Eфестіктерге хат 3:17)
- Құдай таңдап алған (Eфестіктерге хат 1:4,5)
- өлімнен өмірге өткен (Жохан жазған Ізгі хабар 5:24)
- Мәсіхте қайта тірілгенбіз (Eфестіктерге хат 2:15)
- Құдайдың көз алдында ақталғанбыз (Қорынттықтарға 2-хат 5:21)
- қамқоршы Бағушы жетелейді (Жохан жазған Ізгі хабар 10:27)
Иса былай деген: «…ал Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін» (Жохан жазған Ізгі хабар 6:37). Содан кейін Ол былай түсіндіреді: «Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды. Оларды Маған берген Әкем бәрінен де ұлы. Ешкім соларды Әкемнің қолынан да тартып ала алмайды. Әкем Екеуіміз біртұтаспыз» (Жохан жазған Ізгі хабар 10:28-30). Ол бізді қолында мықтап ұстап тұрады.
Сонымен қатар, біз мынаған сенімді бола аламыз: «Өмірлеріңде игі ісін бастаған Құдайдың оны жалғастыра беріп, Мәсіх қайта оралар күнге дейін толықтай аяқтайтынына кәміл сенемін» (Філіпіліктерге хат 1:6).
Иса толықтай біздің күнәларымыздың құнын төледі, ал егер біз Оған осы үшін ризашылық білдіріп, Оны өз өмірімізге қабылдап, өміріміздің толықтай Оған бағышталғанын қаласақ, Ол бізді Исада Өзінің рухани балалары етіп, бізге толықтай кешірім беріп, қабылдайды. Өкінішке орай, біз күнә жасайтын боламыз. Біз тағы да, Құдайдың жолының орнына, өз жолымызды таңдайтын боламыз. Бірақ бұл біздің Мәсіхпен қарым-қатынасымыздың қауіпсіздігіне әсерін тигізбейді, өйткені сол жайында Құдайдың Өзі былай деген: «Сонымен, Иеміз Иса Мәсіхке деген сеніміміз арқылы ақталғандықтан, Оның арқасында Құдаймен татумыз» (Римдіктерге хат 5:1).
Мәсіхтегі құтқарылу – бір рет мәңгілікке қабылданатын толықтай Құдайдың сыйы. Сол қыбалдаудан бастап, біздің Құдаймен мәңгілікке созылатын қарым-қатынасымыз басталады. Біздің Мәсіхпен қарым-қатынасымыз жеке қасиеттілігімізге, сеніміміздің деңгейіне, әкелетін құрбандықтарымызға, игі істерімізге немесе діни жетістіктерімізге негізделмейді. Құдайд біздің өз жетістіктерімізге назар аударғанымызды қаламайды. Ол біздің Мәсіхте назар аударғанымызды қалайды.